«Эльбрус» шыңында «Адай» күйі ойнады
Ақмола облысының тумасы Әлібек Қайырбек Эльбрус шыңына шығып, Құрманғазының «Адай» күйін орындады. Әлеуметтік желіге тараған бейнеролик 2 күнде 50 мыңға жуық қаралым жинаған. Жерлесіміздің өнеріне желі қолданушылары тәнті болып, жақсы тілектерін жазып жатыр.
Эльбрус шыңы - ғаламшарымыздағы ең қауіпті нүктелердің бірі. Биіктігі 5642 метр. Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны, әуесқой спортшы Әлібек Қайырбек бұл биіктікті бір аптада бағындырыпты. Еуропаның ең биік нүктесіне өзімен бірге домбыра ала барған ол «Адай» күйін орындаған. Әсерлі кадрдан көк байрақты да көруге болады.
Әуесқой спортшы бұл сапарға 6 ай дайындалған. Айтуынша домбыраны мұндай биікке алып шығу оңайға соқпаған. Төмен температурада шанағы шытынап сынып кетпес үшін барынша қымтап ұстағанын айтады.
Әлібек Қайырбек, елорда тұрғыны:
Физикалық қиындықтарға қарамастан бұл аспапты өзіммен бірге алып жүру барысында ерекше жауапкершілікті сезіндім. Домбыраға сызат түспес үшін оны шарфпен орадым және сыртын арнайы қаппен қаптадым. Таудың басы -20’С суық әрі желді болды. Чилиден келген альпинист шыңда домбырада ойнайтынымды естігенде қол жылытқыш берген болатын. Ол да пайдаға асты. Ал шаршаған сәттерде домбырада ойнау маған рухани күш берді деп айта аламын.
Әлібек алдағы уақытта Эверест шыңын бағындырып, ол жерде де ұлттық аспаппен күй тартуды жоспарлап отыр. Сол арқылы қазақтың мәдениеті мен өнерін дәріптесем дейді. Осылайша ол Эльбрус шыңында күй тартқан екінші қазақ ретінде есте қалды. Алғаш 2016 жылы 19 жастағы алматылық студент Ерайдын Тасболат дәл осы шыңға шығып, домбырамен «Ерке сылқым» күйін орындаған болатын.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13