Ғалым: АЭС қауіпті емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым: АЭС қауіпті емес

21.08.2024

Атом электр станциясының тұрақты жұмыс істеу мерзімі мен қауіпсіздігі - осы тақырып қозғалғанда жиі көтерілетін мәселе. Осы сауалды отандық сарапшылардың біріне қойып көрдік. Электр энергиясын өндірудің бұл тәсілін қазір әлемнің 30-дан астам мемлекеті тиімді пайдаланып отыр екен. Ал апат бола қалса, қауіпті қалдықтар АЭС аумағынан сыртқа шықпайды дейді.

Ерболат Қоянбаев, ҚР Ұлттық ядролық орталығы Атом энергиясы институты директорының орынбасары: 

Апаттың болу ықтималдылығы 10 млн жылға бір ықтималдылық болады. Реактор 60 жылға жоспарланған, 100 жылға дейін жұмыс істеуі мүмкін. Санитарлық аумағы – қазіргі АЭС-тардың аумағы 3 шақырыммен аяқталады. Егер апат болған жағдайда шұғыл іс-әрекеттер қабылдайтын аймақтың радиусы 3 км реактордан.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу