Премьер-министр Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасына ту табыстады
Олжас Бектенов XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасына мемлекеттік туды табыстады. Байрақты бәсекеде көк байрағымызды Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан чемпионатының 10 дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетов және пара оқ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиева көтеріп шығады. Спортшыларға мемлекеттің басты рәміздерінің бірін табыстаған Үкімет басшысы Ұлттық паралимпиада құрамасына сәттілік тіледі. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек арасында Франция астанасы Парижде өтеді. Паралимпиада ойындарында 44 қазақстандық спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12