Астанада АЭС салу туралы қоғамдық талқылау өтті
Бүгін Астанада Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі туралы қоғамдық талқылау өтті. Жиынға атом саласының мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен сарапшыларды қамтыған жүзге жуық адам қатысты. Талқылау барысында түсіндіру жұмыстарынан бөлек азаматтар жаңа технологиялардың қауіпсіздігі мен АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық маңызы туралы өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Айта кетейік, бұған дейін еліміздің 20 өңірінде дәл осындай талқылаулар өткізілген.
Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі Департаменті директорының орынбасары:
Не үшін біз Қазақстанда АЭС салу мәселесін қарастырып жатырмыз? Себебі АЭС – тұрақты жұмыс істейтін жасыл энергетикаға жататын станция. Жасыл энергетикаға жаңартылған энергия көздері де жатады. Алайда жел болмаса электр энергиясы жоқ, күн болмаса электр энергиясы жоқ, олар тұрақсыз болып саналады. Біз өндірісімізді, экономикамызды дамыту үшін тұрақты, 24 сағат бойы электр энергиясын беретін жасыл энергетикаға жататын станция салуымыз керек. Бұл мәселе сол үшін қарастырылып жатыр.
Саябек Сахиев, «Ядролық физика институты» РМК Бас директоры:
Қазақстандықтар әлі күнге дейін ажырата алмайды. Семей полигонында болған ол – бомбалар. Яғни, уран 235-ті 95 пайызға дейін байыту керек. Ал АЭС-те отын 4,5 пайыз ғана байытылады. Сондықтан АЭС бомба сияқты ешқашан жарылмайды. Ал осы «су-су екі контрлы» АЭС-те авария тұрмақ, бір оқыс оқиға болған емес.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 2 мың жазасын өтеуші жұмыс істейді
04.09.2026, 20:20
Көшпенділер ойындары: Қоржында 25 алтын
04.09.2026, 20:15
Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
04.09.2026, 20:09
7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
04.09.2026, 20:07
Ақмола облысында жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады
04.09.2026, 20:05
Қытайда жойқын су тасқыны болды
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
04.09.2026, 20:05