Қызылорда облысында балабақшаларда 500-ден астам заң бұзу фактілері анықталды
Қызылорда облысында мектепке дейінгі ұйымдарда 500-ден астам заң бұзу фактілері анықталды. Байқоңыр қаласы, Сырдария және Жалағаш ауданындағы балабақшаларға тексеріс жүргізген мамандар, тамақ өнімдерінен ішек таяқшаларын тапқан. Сондай-ақ балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кондитерлік және сүт өнімдері берілген. Ал Шиелі ауданында 4 мекеме осы күнге дейін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеп келген. Сонымен қатар, бірнеше ауданда балабақшада болмаған балаларға қызмет көрсетілді деп ақы төленіп, бюджеттен 22 млн теңге көлемінде қаржы негізсіз жұмсалған. Сырдария ауданындағы бақшада 11 тәрбиешінің жалған дипломмен жұмыс істегені де белгілі болды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17