Жамбыл облысында мал басы 4,1 млн-ға жетті
Тәуелсіздік алған жылдан бері мемлекет ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Агроөнеркәсіп саласына бағытталған жыл сайынғы қаржы да қомақты. Мал саны да артып келеді. Мысалы Жамбыл облысында төрт түлік басы 4,1 млн-ға жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 300 мыңға артқан.
Оның 3 жарым миллионы қой мен ешкі. Аша тұяқтылар 9%-ға артқан. Жылқы 204 мыңнан асып, сиыр саны 485 мыңға жуықтаған. Бұл мемлекет тарапынан бөлінген қаржылай қолдаудың арқасы дейді, мамандар. Әсіресе тұрғындар «Ауыл аманаты» жобасы аясында мал басын көбейтіп келеді. Мәселен былтыр 570-ке жуық жобаға 5 млрд теңге субсидия бөлінсе, биылғы өтінімдер бойынша 6,7 млрд теңге қаралған. Айта кетейік, өңірде жыл соңына дейін мал азығын 3,3 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.
Әбдірәсіл Желеубаев, облыстық а/ш басқармасының басшысы:
Ауыл шаруашылығына бөлінген қаражат жыл сайын артып келеді. Оның ішінде несие қаражаттары бар, субсидия қаражаттары бар. Мәселен соңғы 3 жылдық анализге қарайтын болсақ, 24-25 млрд теңге жыл сайын бөлініп келетін болса, биылғы жылы 47 млрд теңгеге дейін артып отыр. Оның ішінде таза субсидияның өзі 33,5 млрд теңгеге артты. Келесі жылға жоспарымыз да бұдан арттыру, яғни 50 млрд-қа дейін жеткізу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы