Басты Жаңалықтар ХВҚ Қазақстан экономикасына оң баға берді

ХВҚ Қазақстан экономикасына оң баға берді

Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының өсіміне оң баға берді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Халықаралық Валюта Қоры миссиясының басшысы Амина Ларештің кездесуінде айтылды. Тараптар экономикалық реформалар мен даму перспективалары туралы талқылады. Биылғы 10 айда еліміздің жалпы ішкі өнімі 4,5 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,3 триллион теңгеге жетті. Әсіресе машина жасау 22,2 пайызға, фармацевтика 50,9 пайызға өсім көрсетті. Халықаралық валюта қорының болжамынша, Қазақстан экономикасы биыл тұрақты өсіп, келесі жылы даму қарқынын жеделдетеді.

Бөлісу