Басты Жаңалықтар Ақтөбедегі жарылыстан 4 кәсіпкерлік нысан бүлінген

Ақтөбедегі жарылыстан 4 кәсіпкерлік нысан бүлінген

Ақтөбеде дәмханада болған жарылыс салдарынан іргелес орналасқан 4 кәсіпкерлік нысаны бүлінген. Сондай-ақ, жоғарғы қабаттағы пәтерлердің 13 терезесі сынған.

Естеріңізге салсақ, 13-ші қараша күні «Алтын орда» ауданындағы көп қабатты үйдің біріндегі дәмханада газ-ауа қоспасы жарылған еді. Екі адам зардап шекті. Оның бірі сол күні ауруханадан үйіне жіберілсе, екіншісі емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы тұрақты. Мамандар оқиға орнын тексеріп шықты. Нәтижесінде, бірнеше пәтердің есіктері мен едендерінде сызаттар пайда болғаны анықталды. Тұрғындар уақытша туыстарының үйіне жіберілген. Бұл подьезде барлығы 8 пәтер бар. Оның екеуінде адам тұрмайды. Кәсіпкерлік нысаны өрт қауіпсіздігі төмен обьектілер қатарында болғандықтан, жоспарлы тексерулер жүргізілмегені белгілі болды. Шығынды жарылыс болған дәмхана иесі өтеуі тиіс.

Ақнұр Қазбаева, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

Келісім шартқа отырып, үйдің техникалық тексеру жұмыстары басталып кетті. Қорытындысы осы аптаның соңына дейін дайын болады. Одан кейін келесі этап – тұрғындардың материалдық шығынын өтеуге байланысты сараптама жасалуы тиіс.

Бөлісу