Басты Жаңалықтар Қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтайтын технология енгізілуде

Қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтайтын технология енгізілуде

Ұлттық ғылыми медициналық орталықта қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтайтын жаңа технология енгізіліп жатыр. Мамандар мыңға жуық генді талдап, онкологиялық ауруларға тән генетикалық өзгерістерді анықтайды. Сонымен қатар орталық жаңа биомедициналық өнім әзірлеп жатыр. Зерттеудің мақсаты болашақта  қант диабеті, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі және бедеулік сияқты ауруларды емдеуде қолдану жоспарланған. Негізгі міндет – отандық ғылыми әзірлемелерді клиникалық тәжірибеге енгізіп, медициналық көмектің мүмкіндігін кеңейту.

Бөлісу