Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ₸1,5 млрд бөлінді
Қарағанды облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді. Қаражат әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сатып алуға жұмсалады. Қажет болған жағдайда қоймадан тауарларды сауда орындарына және қаладағы әлеуметтік дүкендерге жеткізіп отырады.
Қазір Қарағандыда 21 әлеуметтік дүкен бар. Өңірге қарасты қала-аудандарда да осындай сауда орындары ашылып жатыр. Мұнда фермерлер өнімін делдалсыз әкеліп сатады. Бұған қоса, тұрақтандыру қорынан әлеуметтік тізімге жататын азық-түлік жеткізіледі. Бағасы нарықтан орташа есеппен 10–15%-ға төмен.
Сауалнама:
- Өте жақсы. Таңда тұрып осында келеміз. 10-да ашылады. Кешке дейін болады. Керек заттарымызды алып кетеміз.
- Жақсы. Қол жетімді баға. Еттің бағасы да жақсы. Базардан арзан.
Облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 25 түрі шығарылады. Осы күні тұрақтандыру қорының қоймаларында 370 тонна өнім сақтаулы. Оның ішінде күріш, күнбағыс майы, қант бар. Баға көтерілсе, бірден дүкендерге жөнелтіледі. Бұдан бөлек, жергілікті билік картоп, сәбіз, қырыққабат және пияз жеткізу бойынша фермерлермен тікелей келісімшарт жасаған. Мысалы, жергілікті өндірушілер 7 мың тонна картоп пен 4 мың тоннадан аса көкөністі қажет кезде жеткізуге дайын.
Елтай Ибраев, «Сарыарқа» ӘКК АҚ тұрақтандыру қорын басқару департаментінің директоры:
Қарақұмық жармасының бағасы өсуде. Қарақұмық жармасының жиналым мерзімі осы айларда ғана бітеді. Содан кейін осы айдың аяғында, желтоқсанның басында оның бағасы тұрақтандырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы