Жетісу облысында Сенат депутаттары жергілікті тұрғындармен кездесті
Жетісу облысына іс-сапармен барған Сенат депутаттары жергілікті тұрғындармен кездесулерін жалғастыруда. Талдықорғанда сенатор Ғалиасқар Сарыбаев, жергілікті мәслихат депуаттарымен, қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесі өкілдерінің мәселелерін тыңдады. Өңірде электр қуатының тарифі өзге облыстармен салыстырғанда қымбатырақ. Күл-қоқыс өңдейтін ірі кәсіпорындар жоқтығынан экология да ақсап тұр. Дәрі-дәрмектің бағасы да күннен күнге шарықтап барады. Халық қалаулысы соңғы кездерде жергілікті проблемалардың басым бөлігін қоғам белсенділері өздері-ақ шешіп, ең өзектілерін Үкімет пен Президентке депутаттар арқылы жеткізуге дағдыланғанын айтады.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біздің мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері күнделікті жергілікті халықпен кездесіп жатыр. Яғни халықтың жағдайын жақсы біледі. Біз өздері жеткізе алмай, шешімін таппай жатқан мәселелерді республика көлемінде көтеріп, шешу жолдарын қарастыруымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18