Оралда тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары этнолагерьде демалды
Оралда тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары этнолагерьде демалып жатыр. Қала іргесіндегі Ынтымақ ауылында орналасқан демалыс орнында ұл-қыздар ұлттық ойындар ойнап, атпен серуендеді. Қой қырқып, қамшы өруді меңгерді. Жүн түтіп, ұршық иіруді үйренді.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Ынтымақ ауылындағы мектеп жанынан «Асыл мұра» этнолагері ашылды. Бүгін мұнда тасқыннан зардап шеккен отбасылардан 40 бала демалуға келді. Олар топ-топқа бөлініп, алдымен, ұлттық ойындар ойнап жатыр. Мына жерде ләңгі тепсе, мына жерде асық ойыны қыза түскен. Ал мұнда алтыбақан тебуге кезекте тұр. Қазір біз олармен тілдесіп, ой-пікірін сұрайық.
Руслан Неталиев, оқушы:
Әрине, ұнады. Себебі лагерьде атқа міндік, асық ойнадық. Бауырсақ жедік, алтыбақан тептік. Ауылда ауа таза. Достар да көп табуға болады. Тағы да келемін.
Аяжан Бабанова, оқушы:
Иә, біз бүгін ұршық иіруді үйреніп жатырмыз. Өте оңай әрі қызықты өнер екен. Әсіресе, қыз балаға қолөнерді меңгеру өте пайдалы деп ойлаймын. Себебі болашақта пайдаға асуы мүмкін.
Ал киіз үйдің екінші бөлігінде ұлттық тағам түрлері дайындалып жатыр. Мына жерде құрт жасалып, ал мұнда бауырсақтың түр-түрін пісірудің әдіс-тәсілі меңгертілуде.
Бибігүл Құдайбергенова, этнолагерь тәрбиешісі:
Лагерьдің әр күні әртүрлі тақырыптарға арналған. «Тіл - қазына» бөлімінде оқушыларымыз Жайық ақындарының жырларымен сусындап, поэзия кештерін өткіземіз. Сонымен қатар қазақша куиз ойындарын ойнайды оқушылар. Даналық мектебінің мүшелері - ата-әжелеріміз шеберлік сағаттарын көрсетеді.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Этнолагерьде балалар атпен серуендеп, уақыттарын тамаша өткізді. Ауыл өмірінің атмосферасына бөленіп, ұлттық құндылықты бойына сіңірді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49