Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуыл ісі бойынша сот отырысы өтті
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуыл ісі бойынша сот отырысы өтті. Бүгін алғаш рет онлайн көрсетілді. Сотталушыға жаңа айып тағылды. «Бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана, ауырлығы орташа зиян келтіру» баптарымен жауап береді. Сот отырысын онлайн бақылап отырған әріптесім Жандос Бақытұлы жалғастырады.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Оқиға қаңтар айының соңында қаладағы ауланың бірінде болған. Күдікті жүргізушіге бірнеше ауыр соққы жасаған. Бұл оқиға бейнежазбаға түсіп, желіде шу тудырды. Бүгінде прокурор күдіктіге тағылған айыпты қатайтуды сұрады. Судья өтінішті қанағаттандырып, істі сотқа дейінгі тергеу сатысына қайтарды. Енді күдікті Нұрболат Дәкебаевқа бірден екі бап бойынша, яғни бұзақылық және денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру бойынша айып тағылатын болады. Күдікті 7.5 млн теңгеге жуық айыппұл арқалап, 2 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша барлығы 8 сот отырысы өтті.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04