Оқытушылар мен студенттер тәжірибе алмасады
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Шығыстану» залы ашылды. Бұл Шарджа Әмірлігі билеушісінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Жиынға Біріккен Араб Әмірлігі «Араб тілі академиясының» арнайы делегациясы қатысты. Академия мен университеттің бірлескен жобасы аясында енді Шарджада оқытушылар мен студенттер тәжірибе алмасады. Қос ел ғалымдары «Әл-Фараби» кітапханасындағы сирек қолжазбалар қорында сақталған, араб әріптерімен жазылған еңбектерге зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды.
Еркінбек Шоқай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Арабтану» орталығының жетекшісі:
Араб әлемі үлкен әлем. Араб әлемінде 22 ел бар. Басым көпшілігінде біздің елшіліктер, дипломатиялық корпустар жұмыс жасайды. Сондықтан ол жерлерге мамандар өте қажет. Жылдан жылға бұл артпаса, төмендеп отырған жоқ. Сондықтан араб тілін зерттеуге мамандануға талпыныс білдіретін шәкірттердің, талапкерлердің саны артпаса кемімейтіні анық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада «Astana Winner» халықаралық көрмесі өтеді
30.04.2026, 17:33
Көкшетауда 10 мың орындық стадион салына бастады
30.04.2026, 17:30
Астанада «Достық керуені» шарасы өткізілді
30.04.2026, 17:27
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шара өтті
30.04.2026, 17:25
Түркістан мен Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы өтті
30.04.2026, 17:22
«Atyrau volunteer fest» фестивалі өтті
30.04.2026, 17:20
Маңғыстау облысындағы үлкен жолдардың бойына санитарлық-гигиеналық тораптар салынуда
30.04.2026, 17:17
Оралда Yntymaq комьюнити орталығы ашылды
30.04.2026, 17:15