«LAULA» фильмі жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«LAULA» фильмі жарыққа шықты

23.04.2024

Алматыда жастардың ерік-жігерін оятатын «LAULA» фильмінің премьерасы өтті. Туындыда 22 жастағы арудың шым-шытырыққа толы кезеңі баяндалған. Шағын ғана қаладан шыққан қыздың алып шаһар Алматыға келіп қалай миллионер атанғаны да тәптіштеп суреттеледі.

«LAULA» фильмнің сценраийі небәрі 10 күнде жазылып, туындының түсірілімі бар-жоғы 12 күнде аяқталған. Басты рөлді сомдаған блогер Лаура Лесбекке бұл идея Балиде саяхаттап жүргенде келіпті. Ол өзінің өмірін боямасыз көрсетуді көздеген. Фильм сюжетінде қаржылық қысылтаяң кезде шешім қабылдап, әрекет еткен адамның жетістікке жететіне сендіруге тырысады.

Лаура Лесбек, «LAULA» фильмінің продюсері:

Бұл фильм әр бір қазақ қызын, әр бір қазақ жасын лаулататын фильм, себебі бұл мотивациялық фильм, бұл әр бір жастың өзінің қалаған қалауына, арманына қолының жете алатынына көрсететін фильм және де бұл фильм арқылы өзінің қазір оты сөніп жүрген жандар, мүмкін ҰБТ-дан құлаған жандар, өзінің өмірлік жолын таппай жүрген жандар, өзінің өмірлік жолын табуына септігін тигізеді деген ойдамын.

Кино Алматы және Леңгір қалаларында түсірілген. Ал түсірілім командасының негізгі мүшелері 22 адам. Шығармашылық топ фильмді жастардың ата-аналарымен бірге көруіне кеңес береді. Өйткені, балаға әке-шешесінің қолдауы қаншалықты маңызды екені баяндалады.

Дінмұхамед Жолдас, актер:

«LAULA» фильмін көрген кезде мотивация алуға болады, Лаураның басынан өткен оқиғасы, өзінің қиналған сәттерінен бастап, қалай ол қиындықтарды жеңу керек, қалай өз-өзіңмен жұмыс жасау керек соның барлығы көрсетіледі, мен ол кинода Лаураның жігіті болып ойнаймын, басында ойлаған жоқпын бұл осындай әсерлі кино болады деп, өзім көрген кезде кәдімгідей ойландым.

Өрімдей қыздың өзгеге шабыт берітін фильмін еліміздің барлық «Кинопарк» және «Киноплекс» кинотеатрларынан көруге болады.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу