Қостанайда қараусыз қалған 10 мыңға жуық тұрғын үйді полиция күзетіп жүр
Су басып, қараусыз қалған он мыңға жуық тұрғын үй мен басқа да ғимараттарды полицейлер күзетіп отыр. Ұрлық-қарлық тіркелмеген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
Жалпы, құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларына 4 мыңнан аса полиция қызметкері мен ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ, курсанттары да жұмылдырылған. 700 қызметтік техника жеткізілген. Олар арық қазып, құм төсеп, басқа да көмек түрлерін көрсетіп жатыр. Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция 45 елдімекенді бақылауға алды.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
Қостанайда су басқан аймаққа кіруге тыйым салынған полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбағаны үшін 4 адам жауапқа тартылды. Мәселен, 6 сәуірде тереңдігі бір метрге жететін су басқан аймаққа өтпек болған мас күйіндегі адамдар тоқтатылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 10:13
SuperStar KZ: Алғашқы шығарылым жоғары рейтинг жинады
11.09.2026, 10:03
Қостанайлық жастар ұлттық құндылықтарды заманауи контент арқылы дәріптеп жүр
11.09.2026, 10:02
Жаңа орфографиялық сөздік әзірленеді
11.09.2026, 10:00
Нью-Делиде БРИКС саммиті қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді
11.09.2026, 09:59
Ресейде санкция салдарынан ірі кәсіпорындар жабылып жатыр
11.09.2026, 09:56
Алматыда қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканың келешегі талқыланады
11.09.2026, 09:56
eGov атынан жасалатын алаяқтық көбейген
11.09.2026, 09:54