Қазақстанда бірнеше шетелдік банк ашылуы мүмкін
Елімізде шетелдік банктер көбеюі мүмкін. Қазір Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия елдерінің қаржы ұйымдарымен келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов Сенат қабырғасында мәлімдеді. Агенттік инвесторлар үшін Қазақстан нарығына кіру талаптарын барынша жеңілдетпек. Шетелдік банктердің көбеюінен салада бәсекелестік артып, базалық мөлшерлеме төмендейді деген болжам бар.
Нұрлан Әбдірахманов, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
Қазақстандық нарыққа кіруге қызығушылық танытып жатқандар бар. Мұны іске асыру үшін банк секторындағы кейбір кедергіні алып тастап, заңға бірқатар өзгеріс енгізу керек. Олар Қазақстан бекіткен базалық ставка бойынша жұмыс істейді. Себебі, несие теңгемен беріледі. Жалпы отандық бизнесті қаржыландыру үшін қосымша қаржы көзі артық етпейді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22