Астана қаласында қоймада өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласында қоймада өрт шықты

18.03.2024

Астана қаласының шетінде қойма өртеніп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, таңғы жетілер шамасында Байқоңыр ауданындағы бөлек тұрған бір қабатты қоймада өрт шыққан.

Қызыл жалын шамамен бір мың шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 65 адам мен 15 техника жұмылдырылған. Оқыс оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу