Лондонда өртті сөндіруге 120 өрт маманы тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда өртті сөндіруге 120 өрт маманы тартылды

19.09.2017

Лондонның солтүстігіндегі Тоттенхэм ауданында қоймадан өрт шықты. Оны сөндіруге 120 маман мен 20-ға жуық техника тартылған. Қоймада газ баллондары болғандықтан, құтқарушылар аса қауіпті жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болды. Жергілікті әкімшіліктің хабарлауынша, алапат өрт салдарынан айналаны көк түтін басып, адамдарға есік-терезелерін жауып отыруға кеңес берілген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу