Wildberries қоймасындағы өрт кезінде жоғалып кеткен жұмысшылар аман табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wildberries қоймасындағы өрт кезінде жоғалып кеткен жұмысшылар аман табылды

16.01.2024

Ресейдің Санкт Петербург қаласында орналасқан Wildberries қоймасындағы өрт кезінде жоғалып кеткен барлық жұмысшы дін-аман табылды. Тек, екі адам жеңіл жарақат алған. Компания басшылығы кешеден бері өрт кезінде қоймада болған 12 қызметкерден хабар ала алмай отырғанын мәлімдеген еді. Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің бірнеше себебі болуы мүмкін екенін айтады. Яғни қасақана, электр желісінің апаттық жұмысы және отты абайсыз пайдалану, тілсіз жаудың таралуына себеп болуы ықтимал. Wildberries қоймасындағы өрт 13 қаңтар таңертең басталған. Қойманың аумағы 100 мың шаршы метр болса, өрттің тарау аймағы 70 мың шаршы метрге жеткен. Қоймадағы барлық тауар өртеніп кетті. Шығын келген кәсіпкерлерге өтемақы беріле бастады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу