Алматы қаласында қоймадан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласында қоймадан өрт шықты

27.02.2014
Алматы қаласында қоймадан өрт шықты
Алматы қаласының Алмалы ауданы аумағындағы қойма ғимаратынан өрт шықты.
 
Сағат 15:00 шамасында Гоголь және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан қоймадан өрт шықты. Бұл оқиғаны Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті растап отыр. Дәл қазір оқиғаның анық-қанығы тексерілу үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Өрт аумағы 2000 шаршы метр болатын «Қарағай» АҚ-на тиесілі ағаш және целюлоза-қағаз сақталған қоймаларды шарпыған. Өртті сөндіруге 16 негізгі, 6 арнайы техника жұмылдырылды.

Хабарламаларға жазылу