Осакада қойма өртеніп, қаланы түтін басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осакада қойма өртеніп, қаланы түтін басты

29.11.2021

Жапонияның Осака қаласында ірі қойма өртеніп, оның түтіні бүкіл қалаға тарады. 20 мың шаршы метрдей аумақты от шарпыған.

«Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, өрт басталғанда қоймада 100 шақты адам жұмыс істеп жатқан. Олардың барлығы аман-есен сыртқа шығып үлгерді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 64 өрт сөндіруші мен бір тікұшақ тартылды. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, логистикалық орталықта бос картон жәшіктерінің жануынан өрт басталған.      

Хабарламаларға жазылу