Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7,7 пайызға төмендеген
Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7,7 пайызға төмендеген. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті отырысында депутат Әли Бектаев мәлімдеді. Оның айтуынша, саладағы түрлі проблемаға қоса, өткен жылы елімізде ауа райы шаруалар үшін қолайсыз болды. Сәйкесінше, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасына, шаруалардың қаржылық жағдайына әсер еткен. Ал өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі 14,6 пайызға төмендеп отыр.
Әли Бектаев, ҚР парламенті сенатының депутаты:
2023 жылы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 5 млрд АҚШ долларынан асты. Агроөнеркәсіптік кешен өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 42,6 пайыз болды. 2024 жылы бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша, жыл сайын өңделген өнім үлесін арттырып, Президенттің 70 пайызға жеткізу туралы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет.
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18