Мәскеу облысында қоймада ірі өрт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу облысында қоймада ірі өрт болды

12.03.2024

Мәскеу облысында құрылыс материалдары сақталған қоймада өрт болды. Тілсіз жау 1000 шаршы метрге жуық жерді шарпыған. Жанар-жағармай материалы бар контейнер ашылып, сұйықтық төгілді. Бірнеше сағаттан соң, биіктігі 5 метр болатын шатыр құлаған. Өртпен күреске 20 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қоймадағы 200-ге жуық жұмысшы құтқарылды, зардап шеккендер жоқ.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу