Toyota Тяньцзиньдегі бірлескен кәсіпорнының жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Toyota Тяньцзиньдегі бірлескен кәсіпорнының жұмысын тоқтатты

17.08.2015
Toyota Тяньцзиньдегі бірлескен кәсіпорнының жұмысын тоқтатты

Кәсіпорындағы жұмыстар 17-19 тамыз аралығында тоқтап тұрған, жұмыстың тоқтауының басты себебі, аталмыш ауданда азаматтарды эвакуциялау қажеттігімен байланысты болды, деп хабарлаған Киодо агенттігі. Кәсіпорынның 20-тамыз күнгі жұмысы туралы ешқандай хабар жоқ.  

Сәрсенбі күні өнеркәсіп аймақтарының бірі саналатын Тяньцзинь қаласында аса қауіпті химиялық хаттар орналасқан қоймада ірі төтенше жағдай орын алды. Онда қуаты тротил эквивалентімен есептегенде 3 тонна болатын жарылыстан соң, қуаттары бірінен бірі асатын бірнеше жарылыс болған.

Олардың қуаттарының ең үлкені тротил эквивалентімен алғанда 21 тоннаны құрап тұр. Жексенбі күні жерия етілген соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстың нәтижесінде 112 адам мерт болып, 95 адам із-түссіз жоғалған. Олардың 85-і өрт сөндірушілер болса, қаланың ауруханаларында 722 адам жатыр, олардың 58-нің жағдай аса мүшкіл.  

 

Хабарламаларға жазылу