Алматыда қоймада газ баллоны жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоймада газ баллоны жарылды

17.11.2021

Алматыда қоймада жарылыс болды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Төтеншеліктердің хабарлауынша алдымен өрт шығып, артынша газ баллоны жарылған. Тілсіз жаумен күресуге 20-ға жуық техника мен 60 адам жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде қойма ішінен 11 газ баллоны сыртқа шығарылды. Қазір апат салдары анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу