Көкшетаулық ұстаз ерекше балаларға түрлі тәсіл арқылы қазақ тілін үйретіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық ұстаз ерекше балаларға түрлі тәсіл арқылы қазақ тілін үйретіп жүр

01.03.2024

Көкшетаулық ұстаз туғаннан құлағында мүкісі бар, сөйлеуі тежелген ерекше балаларға түрлі тәсіл арқылы қазақ тілін үйретеді. Сабақ барысында оқушылар ойын да ойнайды, сурет те салады. Ал, Алматы облысындағы мектепте білім беретін Өмірбек Жанқуатов ағылшын және түрік тілдерін оқушыларға музыка арқылы санасына сіңіреді. Екі педагогта сабақ барысында қызықты оқу құралдарын да пайдаланады. Ерекше тәсілмен білім беретін ұстаздардың еңбегіне шәкірттері мен ата-аналарда дән риза.

Есту қабілеті нашар, сөйлеуі тежелген оқушыларға жаңа сөздерді жаттау да, тез сөйлеп кету де қиынға соғады. Алайда бұл мүмкін емес деуге де болмайды. Мәселен, жетінші сыныпта білім алатын Мұхамеджан Тұрарбек қазір қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Мұхамеджан Тұрарбек, оқушы:

Қазақ тілі маған ұнайды. Разный ойындар ойнаймыз. + Менің мұғалімім Әсел Жамбетановаға рахмет айтамын. Ол бізге сабақ береді. Жақсы оқытады.

Ұлағатты ұстаз әр сабағын қызықты, әрі түсінікті етіп өткізуге тырысады. Ол үшін күн-түн демей ізденеді. Себебі, ерекше балалардың тілін табу да, оқу- білімге бейімдеу де оңай жұмыс емес.

Жұмагүл Дәулетиярова, ата-ана:

Біздің балалар сияқты балалармен жұмыс жасау өте қиын. Оған үлкен төзіміділік керек. +Ұстаздардың жасап жатқан еңбектеріне үлкен алғыс айтамын. Әсел Жамбетқызына.

Әсел Мұхамедрахимова сүйіспеншілікті де, қажырлықты да, төзімділікті де қажет ететін бұл мамандықты таңдағанына бір сәтке де өкінбейді. Оның бұл еңбегі елеусіз қалған емес. Қазіргі таңда ұлағатты ұстаз көпшіліктің алғысын алып жүр.

Ал Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы мектепте білім беретін Өмірбек Жанқуатов ағылшын және түрік тілдерін музыка арқылы үйретіп жүр. Бұл әдісті өзі ойлап тапқан. Әнін жазып, оқу бағдарламасына енгізіпті.

Өмірбек Жанқуатов, мұғалім:

Тілді, жағымызды жаттықтыру үшін осындай әдіс-тәсілдер керек. Балалар көңілді болса, одан кейін барып жеткізуге болады. Балалар бұл жаңа сөздер. Мынаны оқыңыздар, жаттап келіңіздер, келесі де тағы ән айтамыз десек. О, ағай, болды деп келесіде тағы келіп тұрады.

Өмірбек алдына келген талай оқушының талантын ұштап, талабын шыңдады. Мейрімді мұғалімді барлық бала жақсы көретіні аңғарылып-ақ тұр.

Әлия Шәмшат оқушы:

Өмірбек ағаймен көптеген қызықты ойындар ойнаймыз. Егер мысалы дұрыс жауап берсек, ағай бізге тәтті береді. Солай бізді ынталындырады.

Тараздық ұстаз ана атанса да сабағына салғырт қарамайтын студент пен оның сәбиін осылай құшақ жая қарсы алды. Құндақтаулы Айкөркемді мейірімді мұғалім «сегіз айлық студентім» деп еркелетіп жүр. Нәрестенің анасы Салтанат болашақ педагог. Сәбиі болса да сабақтан қалмайды. Үйде қарайтын ешкім болмағандықтан күнделікті сабағына баласын өзіммен бірге алып келуге мәжбүр. Университеттегі ұстаздар мен студенттер ылғи жас анаға осылайша қолдау білдіріп келеді.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу