Өзбекстанда электр қуаты мен газ тапшылығы мәселесі шешілмей тұр
Өзбекстанда электр қуаты мен газ тапшылығы мәселесі шешілмей тұр. Көліктерге газ құятын стансалардың жұмысы да әлі жанданған жоқ. Тығырықтан шығу мақсатында көрші ел Түркіменстаннан электр энергиясын импорттауға көшті. Бұл жөнінде энергетика министрлігі хабарлады.
Халықтың тәулігіне тұтынатын қуат көлемі 240 млн кВт•сағатқа жуықтаған. Күн күрт суытып кеткендіктен, табиғи газдың қысымы айтарлықтай төмендеп елді жылумен қамтуда қиындық туындады. Жағдайды реттеу үшін «Өзбекмұнайгаз» компаниясы дизель отынының бағасын 15 пайызға арзандатқан.
Хасан Ташхужаев, Энергетика министрлігі ақпарат қызметінің басшысы:
Газ қысымы әдеттегіден төмен болғанымен, өткен тәулікте тұтыну көлемі 153 млн текше метрге дейін өсті. Шектеулер әлі де жалғасады. Егер алдағы күндері оң өзгеріс бола қалса, кейбір метан газ стансалары алдын ала белгіленген кестеге сәйкес жұмысын бастайды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20