Қытайда қалың қар жауып, боран соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда қалың қар жауып, боран соқты

21.02.2024

Қытайда қыс қаһарына мінді. Суық ауа райы елдің күллі аумағында тіркеліп отыр. Боран соғып, қалың қар жауды. Жолдар көктайғақ. Тас жолдарда көлік апаты жиіледі. 200-дей жол бөлігі жабылды. Осыған орай автобус қатынасы тоқтады. 100-ден аса пойыз жолға шықпаған. Соның салдарынан мыңдаған жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр. Елдің ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, мұндай ауа райы бірнеше күнге жалғасады. Бұған қоса, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу