Астана әуежайында 12 рейс кешікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайында 12 рейс кешікті

11.01.2024

Астанаға да қалың қар түсіп, боран соқты. Қолайсыз ауа райы әуе тасымалына кері әсерін тигізді. 12 рейстің уақыты кейінге шегерілді. Сондай-ақ Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды. Кеше елордада да жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жеткен жел соқты. Қалың қар түсті. Әуеайлақтағы қарды тазалау жұмыстарына 10 арнайы техника жұмылдырылған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу