Ресейде қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде қалың қар жауды

19.01.2024

Ресейдің астанасы мен тұтас Мәскеу облысында қалың қар жауып, боран соғып, салдарынан ауа райының «сары» деңгейі енгізілді. Бұл жолғы жауған қардың мөлшері соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш деп жатыр. Бізбен тікелей байланысқа меншікті тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр.

Индира Бегайдар, тілші:

Мәскеуде түнде 10 жылда болмаған қар жауып, боран соқты. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетті. Дауылды ескерту жарияланып, көлікпен алыс жолға шықпау туралы хабарламалар келді. Синоптиктердің болжауынша, қарлы боран кем дегенде бір күнге созылады. Жолдардағы жағдай да сағат сайын нашарлауда. Өйткені боранның салдарынан жолдар көрінбейді. Қаладағы кептеліс 9 баллға жетсе, такси бағасы екі есе өсті. Санкт-Петербург пен Курск облысында да жағдай мәз емес. Дауылды бораннан жолдар жабылып, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу