Балқанның батысында қыс қаһарына мінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқанның батысында қыс қаһарына мінді

05.04.2023

Балқанның батысында қыс қаһарына мінді. Сербия, Босния мен Косовода қар жауып, боран соқты. Тұрғындар таңертең ағаштарға қырау қатқанына куә болған. Сербия астанасы Белградта қалың қарға шыдас бермеген ағаш бұтақтары екі жасөсіпірім қызға құлап, олар ауруханаға жеткізілді. Жолдарда көктайғақ болып, көліктер тоқтап қалды. Жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 18 адам жараланған. Бірнеше ауыл жарықсыз қалды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу