Қытайда 64 жылда болмаған -52 градус аяз тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 64 жылда болмаған -52 градус аяз тіркелді

22.02.2024

Қытайда 64 жылда болмаған үскірік аяз. Елдің батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында ауа температурасы рекордтық 52 градусқа төмендеген. Мұның алдында сынап бағанасы +1,6 градусты көрсетіп тұрған еді. Осыншама қатты суықтан құстар өзендегі мұзға тірідей қатып, қырылған. Елдің өзге бөліктерінде де қыс қаһарына мінді. Қалың қар жауып, боран соқты. 200-дей жол учаскесі жабылған. Қытайдың ұлттық метеоқызметінің мәліметінше, үскірік аяз елдің солтүстік-батысы, орталығы мен тіптен жылы оңтүстік бөлігіне де жетуі мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу