Америкалық журнал туристерге Қазақстанда демалу жайлы кеңес берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық журнал туристерге Қазақстанда демалу жайлы кеңес берді

21.02.2024

Американың Travel Leisure журналы туристерге Қазақстанда демалу жайлы ақпарат беретін материал жариялады. Автор ең алдымен елімізді 131 ұлт өкілі тұратын көп мәдениетті мемлекет деп атаған.

Содан кейін ол Қазақстанға сапарды Астанадан бастауды ұсынып, мұндағы Ұлттық музейге, Опера театрына, Хан Шатырдағы Sky Beach клубына баруға кеңес береді. Одан әрі журналист саяхатшыларды екі күнді Шымкент пен оның төңірегінде, соның ішінде Ақсу шатқалында өткізуге шақырған. Сапарының төртінші күнін америкалық тілші түркі әлемінің рухани астаналарының бірі Түркістанда өткізіп, бесінші және алтыншы күндерін Алматыға арнаған. Репортер Көктөбедегі аспалы жолды және Үлкен Алматы көлін тамашалауға тұрарлық жерлер деп сипаттаған. Сөз соңында шетелдік тілші 7 күндік сапарды Шарын шатқалында аяқтауды ұсынып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу