Теріс діни ағыммен күресудің жалғыз жолы – білім сапасын арттыру
Жастар теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеу үшін әуелі білім беру ісін жетілдіріп, күшейту керек. Сарапшылар осындай пікірде. Ал Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаты асыл діннің атын жамылып жүрген жат ағымдарға тыйым салу үшін заңға өзгерістер енгізуді ұсынбақ.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
Өздеріңіз көріп отырсыздар, бізде дін атын жамылып, өздерінің жымысқы ойларын іске асырып жүрген ағымдар көп. Дін атын жамылып жүрген секталарға тыйым салу үшін, жалпы осы рухани бағытты реттеу үшін, депуттар бастама көтеріп, дінге қатысты заңдарға өзгерістер енгізейін деп жатырмыз. Осы мәселемен біз заң жүзінде дін атын жамылған секталарды, ағымдарды реттеуіміз керек. Дін – бұл бейбітшілік, дін бұл гумандықты насихаттайтын ілім.
Дархан Әбдік, журналист:
Жалпы, қоғамның мәдениет деңгейі қоғамдағы білімнің деңгейімен тікелей байланысты. Сауаттылықпен. Өйткені зиялы, білімді адамның қалпы бөлек. Ондай адамды тәрбиелеп қалыптастыру керек. Қоғамдық институттар болуы керек. Дінмен күресудің жалғыз жолы білімнің сапасын арттыру. Жастар бұғанасы қатпаған, білімі төмен болғандықтан, мектептегі ағарту төмен болғандықтан соған шалдығады. Олай болмас үшін қоғамда шын мәнінде керек тақырыптар талқылануы керек. Қоғамдық құндылықтар талқылануы керек.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04