Қостанай облысында қызылша жұқтыру бәсеңдемей тұр
Қостанай облысында қызылша індетінің таралуы бәсеңдемей тұр. Әсіресе қаңтар айында ауру өршіп, жыл басынан бері 120-ға жуық адамға жұққан. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандар енді ақпан айында дерттің беті қайта бастауы тиіс дейді. Себебі қазір аймақта қызылшаға қарсы екпе жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Күні бүгінге дейін 39 мың адамға вакцина егілген. Бұл көрсеткіш екпе салынуы тиіс тұрғындардың 90 пайызына жетеді.
Әйгерім Қалиева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Бір жасқа дейінгі және 2 мен 4 жас аралығындағы балаларды иммундау жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. Соның арқасында келесі айда індеттің таралуы бәсеңдейді деп ойлаймыз. Ал дәл қазіргі күні жағдай әлі ушығып тұр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01