Дубайда қазақстандық сәйгүлік әлем жұртшылығын таңқалдырды
«Қабырханның» шабысы әлем жұртшылығын таңқалдырды. Дубайда өткен бәйгеде топ жарған қазақ тұлпарының жеңісін «Essentially sports» басылымы жоғары бағалады. Халықаралық журналистер мұндай арғымақты америкалық жанкүйерлер ұзақ күтті деп жазған. «Қабырхан» мәреге 1 минут 57 секунд және 72 миллисекундта келіп қарсыластарын шаң қаптырды. Оның жеңіске жеткен сәті америкалық әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында кеңінен тараған. Басылым сәйгүліктің таза ағылшын тұқымды, шығу тегі Кентукиден екенін, кезінде қазақстандық кәсіпкердің сатып алғанын жазған.
Тілек Мұхамбетқалиев, тұлпардың иесі:
Қуанышым жүрегіме сыймай жатыр. Мына жеңіс деген бүкіл қазақ елінің жеңісі ғой. Қабырханда өзі қазақ сияқты ғой. Бұйырса, финалға түсіп тұрмыз. Финал 30 наурызда болады. Биыл 27 рет болады. Соған қатысамыз. Бүкіл әлемнің мықты аттары қатысады. Қазір 2 жұма демалады. Екі жұмадан кейін жаттығуға кіріседі.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18