Қостанай облысында 3,4 млрд теңге игерілмей қалған
Қостанай облысында былтыр 3,4 млрд теңге бюджет қаржысы игерілмей қалған. Бұл негізінен инфрақұрылымды дамытып, әлеуметтік нысандар салып, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға арналған жобалар. Жобаның мерзімінде жүзеге аспауына көбіне конкурстық жұмыстардың созылып кетуі, қазынадан қаржының уақытында бөлінбеуі себеп болады. Тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы текетірес те аяққа тұсау. Мұның салдарын айналып келгенде қарапайым тұрғындар тартады. Мысалы осындай келеңсіздіктердің кесірінен былтыр бірнеше елді-мекенге ауыз су тарту жұмысы аяқсыз қалды.
Наталья Моргуль, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары:
Бюджеттік заңнама бойынша қандай да бір жобаға бөлінген қаржыны уақытында игеруге аудан, қала және облыстық басқармалар басшылары тікелей жауапты. Қазір қазына қаржысын кәдеге жаратпағандардың жұмысын тәртіптік кеңесте қарау күн тәртібінде тұр. Кінәсы анықталғандарға тиісінше шара қолданылады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01