Қостанайда қала тұрғыны жылы аялдаманың есігін қасақана қиратқан
Қостанайда белгісіз біреу жылы аялдаманың шыны есігін қасақана сындырып кетті. Көп ұзамай бейнебақылау арқылы бұзақылық жасаған 1992 жылғы қала тұрғыны екені анықталып, ұсталды. Ол айыбын толық мойындап, өрескел әрекетке мастықпен барғанын айтты.
Бұзақының үстінен әкімшілік іс қозғалып, 150 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді. Мұның сыртында өз қалтасынан 200 мың теңгеге жуық ақша шығарып, аялдама есігін қалпына келтірді. Жалпы облыс орталығында 11 жылы аялдама бар, әрқайсының құны 12 млн теңге. Қала әкімдігі тұрғындарды өз игіліктері үшін жасалған қоғам мүлкін сақтауға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01