Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады. Президентке есеп берген облыс әкімінің мәліметінше өңірдің макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика бар. Өңдеу өнеркәсібі 11, құрылыс саласы 7, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайызға өскен. Ал өнеркәсіп саласының үлесі 30 пайыздан асты. Әсіресе, жергілікті машина жасау кәсіпорнында шығарылатын автокөлік модельдерінің қатары көбейіп келеді. Бұдан бөлек, аймақты сумен қамту, әлеуметтік нысандар салу барысы жөнінде мәлімет берілді. Ал мемлекет басшысы облыс әкіміне жылыту маусымын қалыпты режимде өткізіп, өңірді газбен қамтуға қатысты тапсырмалар берді.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасадым. Сондай ақ президенттің жолдауындағы көрсетілген барлық тапсырмалары 2024 жылы қалай орындалатынын да баяндадым.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Абай облысында: Жидебай қорығы тазартылды
16.10.2026, 10:28
Бүгін қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінде бақ сынайды
16.10.2026, 10:17
Жетісу облысында 22 мың тонна алма жиналды
16.10.2026, 10:15
Эбола вирусы Конгоның сегіз провинциясында өршіп барады
16.10.2026, 10:12
АҚШ-та мектепке жасалған шабуылдан 4 адам қаза тапты
16.10.2026, 10:11
Хуситтер Адендегі президент сарайына зымыранмен соққы берді
16.10.2026, 10:09
2027 жылдан бастап жекеменшік балабақшалар лицензия алуға міндетті
16.10.2026, 10:06
Қазақстандықтардың депозиті рекордтық деңгейге жетті
16.10.2026, 10:04