Қостанай облысында такси жүргізушісі өз өмірін сақтап қалу үшін полиция көлігін соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында такси жүргізушісі өз өмірін сақтап қалу үшін полиция көлігін соқты

11.01.2024

Қостанайда такси жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, полицияның көлігін соқты. Ол мұндай оқыс әрекетке өз өмірін сақтап қалу үшін барған.

Таксиге отырған екі жолаушы Рудный қаласынан облыс орталығына жеткен. Содан соң оның бірі жүргізушінің мойнына пышақ тіреп, ақша талап еткен және айтқан бағытына жүруді бұйырыпты. Бір сәтте полиция көлігін байқап қалған жүргізуші өзіне назар аударту үшін, қызметтік көлікті әдейі соққан. Таксишіге шабуылдаған қаскөй ұсталып, қамауға алынды. Енді ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция көлігі қатты зақымданбаған, қаншалықты материалдық шығын келгені қылмыстық іс аяқталғаннан кейін анықталады. Тергеуші жол апаты бойынша әкімшілік істі бөлек жүргізеді. Таксиде болған екінші жолаушы куәгер ретінде танылды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу