Атырау облысы шетел инвестицияларын тарту бойынша көш басында
Атырау облысы шетел инвестицияларын тарту бойынша көш басында. Өнеркәсіп өнімінің көлемі де ұлғайып келеді. Аймақта шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны да артқан. Дегенмен шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Тұрғындарды экология, ауаның ластануы және су тапшылығы мәселесі алаңдатады. Осы орайда жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесуде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өңірде инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту керектігін жеткізді. Сондай-ақ, өңірлердегі қордаланған мәселелерді шешуге Сенат тарапынан жүйелі түрде қолдау көрсетілетін атап өтті. Жиында білім сапасын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы туралы да айтылды. Сенат төрағасы Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында белгіленген міндеттерге назар аударып, барлық қазақстандықтарды оларды іске асыру төңірегінде күш біріктіруге шақырды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сұхбатында демократиялық реформалардың жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын түбегейлі сипатқа ие болғанын қадап айтты. Жалпы, өткен жылы азаматтарымыздың конституциялық құқығының қорғалуына кепіл болатын жоғарғы орган – Конституциялық Сот жұмысын бастады. Алғаш рет азаматтарымыз аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлады. Осы және өзге де жетістіктер мен бастамалар биылғы жылы да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуімізге берік негіз болады деп сенеміз.
Сенаторлар өңір жастарымен кездесуде аймақты дамыту, заң шығаруды жетілдіру және жаңа жобаларды іске асыру турасында пікірлерін ортаға салды. Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Сенат депутаттары сонымен қатар мүгедектігі бар балаларға арналған орталықтың тәрбиеленушілерімен, техникалық колледж ұжымымен кездесті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10