Астанада Оkadzaki мейрамханалар желісінің біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Оkadzaki мейрамханалар желісінің біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

03.01.2024

Астанада Okadzaki тамақтану желісінің бірінде болған жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қазір Елорданың полициясы қажетті сараптамаларды тағайындап, сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Осыдан бір апта бұрын 37 адам, тағамнан уланып, жоспардан тыс тексеру басталған. Сушидің түр-түрін әзірлейтін Okadzaki желісі алғаш рет дауға қалып отырған жоқ. 2022 жылы да осы мейрамхана желісінің бірінде 100-ге жуық адам уланған. Кейін қылмыстық іс қозғалып, соттың шешімімен 1 миллион 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Желіге тиесілі бір нысан қызметін тоқтатқан. Ал, жаңа жыл алдында уланған 37 адамның оқиғасына қатысты нысанда санитарлық талап сақталмаған деген болжам бар.

Гүлмира Шрахметова, Астана қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

Аталған факті бойынша Есіл аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК 304 яғни, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы Астана қаласы ПД басшылығына бақылауға алынды.


Хабарламаларға жазылу