Басты Жаңалықтар Кәрім Меңдіханов Оралдағы жеке мектепте жаттыққан

Кәрім Меңдіханов Оралдағы жеке мектепте жаттыққан

Испаниялық «Барселонамен» келісімшартқа отырып, елдің абыройын асқақтатқан жас футболшы Кәрім Меңдіхановтың аяқдоп әлеміндегі алғашқы қадамы Оралдағы  жеке мектепте басталған.

Кәрімнің тұңғыш бапкері Дәурен Ихсанов оны 6 жасынан бастап футболдың қыр-сырына баулиды. Талантты бала осы көгалда 10 жасқа дейін доп тепкен. Кейін 2020 жылы ата-анасымен Астанаға көшіп, сол жақта жаттығуын жалғастырды. 2022 жылдан бастап Испанияда «Леванте» клубында, кейін «Эспальол» сапында да болған. Былтырғы маусымды Каталония лигасындағы «Серданьола» клубында өткізеді. Ал атақты «Барселонамен» келісімшартқа отыруы – жұлдызды баланы баптаған бапкерлер мен қазақ футболының ортақ жеңісі. 15 жастағы спортшының жетістігі өзге қарадомалақтарға да жігер береді дейді алғашқы бапкері, «Ақжайық» футбол клубының бұрынғы ойыншысы.

Дәурен Ихсанов, Кәрім Меңдіхановтың алғашқы бапкері, футбол мектебінің жаттықтырушысы:

Кәрім туралы фотолар мен ақпарат таратып жатыр. Басында сенген жоқпыз. Болашағына, осы кезге жеткеніне әкесі көп еңбек сіңірген. Қазір де әкесі Испанияда жүр. Кәрімнің өзімен де сөйлестім. Көңіл күйі жақсы. Тек тіл-көзден аман болыңдар деп айттым. Бастысы біз үшін сол. «Барселонаның» бірінші құрамасына өтеді деген сенімдеміз.
Бөлісу