Алматыға сырттан келетін көліктер кіргізілмейді. Олар үшін арнайы автотұрақтар салынады. Құрылыс келесі жылы басталады. Мұндай тұрақтарды әкімдік «Барлық базары», «Құлжа тракті» мен «БАКАД» аумағында салуды жоспарлап қойған. Қала ішіндегі 53 жол кеңейтіліп, онда автобус жолақтары пайда болады. Жергілікті билік осылайша қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылар санын 75 пайызға жеткізбекші. Биыл 600 автобус сатып алса, келесі жылы тағы 700-ін алмақшы.
Данияр Надырханов, қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:
Алматыда 57 дәліз бойынша кеңейту жұмыстары қарастырылған. Кеңейту және тұйық көшелерді ұзарту жұмыстары. 06:13 Саин, Төле би, Жұбанов көшесі. Келесі жылы Абай даңғылын қала шекарасына дейін созу жоспарланып отыр. Сонымен қатар БАКАД-қа шығатын радиалды жолдар, 2024 жылдың екінші жартысында басталуы жоспарланып отыр олардың.
Сондай-ақ, мегаполисте 2025 жылға дейін метро ұзартылып, қазір құрылысы жүріп жатқан «Қалқаман» станциясы қолданысқа беріледі. Ал, 2030 жылға дейін жер асты жолын «Барлық» базарына дейін созу көзделген. Мұның бәрін жүзеге асыруға 5,7 трлн теңге жұмсалуы мүмкін.