Ұлыбританияда вирустың жаңа түрі тарап жатыр
Ұлыбританияда ковидтің жаңа түрі тарап, дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызды. Ресми мәліметтерге сәйкес Англия мен Шотландияда әрбір 24-ші адам вирусты жұқтырған. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова байланысқа шығуға дайын. Марина, сіз эфирдесіз.
Марина Бекенова, тілші:
Шамамен 150 мың адам үйден тест сынамаларын жасап, осындай нәтиже көрсетіп отыр. Вирустың жас талғамайтыны анықталған. Бірақ ол 65 жастан асқан адамдардан гөрі 18 бен 44 жас аралығындағы тұрғындардан көбірек табылған. Науқастар әсіресе Лондонда көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты зерттеуді қажет ететін Омикронның жаңа түрі деп, оған JN.1 деген атау берді. Оның Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Тынық мұхитының батыс бөлігінде және Еуропа елдерінде кеңінен тарағаны белгілі болып отыр.
Лоуренс Янг, вирусолог:
Ковид, әдеттегінше, бізді таң қалдырып жатыр. Алдын ала болжау қиын ауру болғандықтан сақтық шараларын жасаған жөн.
Қазіргі таңда JN.1 аса қауіпті екендігін дәлелдейтін әзірге зерттеу нәтижелері жоқ. Ковидке қарсы вакциналардың жаңартылған түрлері адам ағзасының иммунитетін күшейтеді дейді мамандар. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар науқастар санының артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Өйткені қыс мезгілінде өршитін басқа вирустық және бактериалды инфекциялар жығылғанға жұдырық болып тұр.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18