Қостанай облысында әжесі мен немересінің өлі денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында әжесі мен немересінің өлі денесі табылды

27.12.2023

Қостанай облысында дәл қазір боран басылды. Жолдар ашық. Кеше желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетіп, 19 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Электр желілері үзілді. Бүгін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда әлі де жүзден аса елдімекенде жарық жоқ. Боранда адасқан 4 балықшы мен бір бақташы аман есен табылды. Өкінішке қарай Степное ауылынан жаяу шыққан әжесі мен немересі табиғаттың тосын мінезінің құрбаны болды. Олар Айсары елді мекеніне барып, әрі қарай күре жолдан көлікке отырып, Тобыл қаласынан азық-түлік әкелмекші болыпты. Алайда әже мен немере ақтүтек боранның тұтқынына түсіп жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары тәулік бой жүргізілді. Бүгін күндізгі сағат 12:00 шамасында олардың мәйіті Степное ауылынан 200 метрдей жерден табылды.

Тілеуберді Нұрахметов, ПД басқармасының бөлім басшысы:

Денелері өздері тұратын ауылдың жанынан табылды. Қатып қалған. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу