53 млн теңге желге ұшты: Павлодарда миллиондарға салынған мұз қалашық еріп кетті
Құрылысына 53 млн теңге бөлінген Павлодар қаласындағы мұз қалашығы тұтастай еріп кетті. Бұған толассыз жауған жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуы себеп. Ал, ауа райын болжау орталығы өңірде қыс қарсыз, жылы, жаңбырлы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерту жасаған. Мәселен, бүгін +3 градусқа дейін жылып кетті. Алдағы күндері тіпті, қаңтар айында да, күн жылы болатындығы көрсетілген. Сондықтан дәл биылғыдай жылымыққа қарамастан жаңа жылды мерекелеуге 185 млн теңге бөлген жергілікті әкімдіктің әрекеті көпшілік тарапынан сынға ілікті. Ал құқық қорғау органдары қаржылық талдау жасалып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Болонья Children’s Book Fair жәрмеңкесіне қатысады
15.04.2026, 17:30
Инклюзивті білім беру көрсеткіші 90 пайызға жетті
15.04.2026, 17:29
Ғылым мен медиа саласындағы ЖИ рөлі талқыланды
15.04.2026, 17:27
Ақмола облысында 5 млн 400 мың гектарға дән себіледі
15.04.2026, 17:25
487 жол учаскесінде интернет жоқ
15.04.2026, 17:22
Астана маңындағы ауылдарға газ тартылады
15.04.2026, 17:20
Семейде жазда ыстық су берілетін болды
15.04.2026, 17:19
Шымкентте тарифті негізсіз көтергендер жазаланды
15.04.2026, 17:17