Ғылым мен медиа саласындағы ЖИ рөлі талқыланды
Жасанды интеллектіні мемлекеттік саясат деңгейінде тиімді қолдану. Ақылды технологияны ғылымды дамытудағы және қоғамды басқарудың заманауи модельдерін құрудағы рөлін сараптау. Дәл осы мәселелер бүгін елорда университеттерінің бірінде өткен халықаралық форумда талқыланды. Шараға онлайн форматта қатысқан шетелдік сарапшылар ЖИ-дің ғылымдағы әлеуетіне тоқталып, өз елдеріндегі сәтті кейстермен бөлісті. Қазақстандық ғалымдар қазіргі таңда ақылды технологияларды игеруге белсенді кіріскен. Осы орайда, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі базасында арнайы жасанды интеллект зертханасын ашу жоспарланып отыр. Іс-шара тек пікір алмасумен шектелген жоқ. Жиын қорытындысы бойынша осы салада мамандарды даярлауда халықаралық әріптестікті нығайту, студенттер мен оқытушыларға арналған тәжірибе алмасу бағдарламасын іске асыру бойынша маңызды құжаттар қабылданды.
Медиадағы ЖИ-дің өте жылдам еніп жатқаны және оны игеру уақыттың тапшылығын көрсетіп отыр, сондықтан біздің шәкірттермен қатар оқытушылар-профессорлар ЖИ игеруге жаппай кірісіп жатыр.
ЖИ менің ойымша ғылым саласын, ол адамның да жұмысын жеңілдетіп жатыр. Бірақ қаншалықты ЖИ, машина ақылды болғанымен олардың бойында жаратушы берген жылы жүрек жоқ. Егер адамзат біздің біліміміз, ғылым саласындағы біліміміз толыққанды барлығын меңгерсек біз ол машинаны барлық уақытта жеңеміз деп айта аламын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы