Шымкентте тарифті негізсіз көтергендер жазаланды
Шымкенттегі индустриялық аймақта коммуналдық тарифтерді негізсіз көтерген. Соның салдарынан кәсіпкерлер су мен кәріз қызметіне қымбат төлеп келген. Прокурорлық тексерістен кейін тарифтер қайта қаралып, 43 пайызға дейін төмендетілді. Енді су үшін кәсіпорындар 190 емес, 149 теңге төлейді. Ал ағынды су бағасы 131 теңгеден 74 теңгеге түсті. Бағаны негізсіз көтергендер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Дінислам Әлжан, қала прокурорының көмекшісі:
Ордабасы индустриялық аймақ ЖШС тарату желілері арқылы су беру және сарқынды су бұру бойынша қызметтер бағасы ұлғайғаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде 96 қатысушының құқығы қорғалып, олар өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58